User's Guide

13
Розеткаға қосылған өнімдердің жалпы ток күші розетканың номиналды ток күшінен және
қуат кабеліне қосылған өнімдердің жалпы ток күші қуат кабелінің номиналды ток күшінен
аспайтынына көз жеткізіңіз. Әрбір құрылғының номиналды ток күшін (ампер не А) анықтау
үшін қуат жапсырмасын қараңыз.
Мониторды розеткаға жақын жерде орнатыңыз. Мониторды ағытқан кезде айырды
мықтап ұстап, розеткадан шығарып алыңыз. Мониторды ағытқан кезде кабельден ұстап
тартушы болмаңыз.
Қуат сымына ешқандай зат қоймаңыз. Кабельді баспаңыз.
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Монитор өнімділігін арттыру және оның қызмет мерзімін ұзарту үшін:
Өнімге өз басыңызбен қызмет көрсету үшін монитор корпусын ашушы болмаңыз.
Тек пайдалану нұсқаулар ында берілген басқару элементтерін реттеңіз. Монитор
дұрыс жұмыс істемесе не құлап кетсе я зақымдалса, НР компаниясының өкілетті
сатушысына, қайта сатушысына не қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Монитордағы жапсырмада/артқы тақтада көрсетілген, осы мониторға тиісті қуат
көзі мен жалғауды ғана қолданыңыз.
Розеткаға қосылған өнімдердің жалпы ток күші розетканың номиналды ток күшінен
және кабельге қосылған өнімдердің жалпы ток күші кабельдің номиналды ток
күшінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Әрбір құрылғының номиналды ток күшін
(ампер не А) анықтау үшін қуат жапсырмасын тексеріңіз.
Мониторды розеткаға жақын жерде орнатыңыз. Мониторды ағытқан кезде айырды
мықтап ұстап, розеткадан шығарып алыңыз. Мониторды ағытқан кезде кабельден
ұстап тартушы болмаңыз.
Қолданбаған кезде мониторды өшіріп қойыңыз. Экранды сақтау бағдарламасын
қолдану және қолданбаған кезде мониторды өшіріп қою арқылы монитордың
қызмет мерзімін айтарлықтай арттыруға болады.
Ескертпе: НР кепілдігі күйіп қалған суреті бар мониторларды қамтымайды.
Корпустағы тесіктер мен саңылаулар желдету үшін жасалған. Бұл саңылауларды
бітеуге не жабуға болмайды. Корпустағы тесіктерге не басқа саңылауларға
ешқандай зат салуға болмайды.
Мониторды құлатып алмаңыз не тұрақсыз жерге қоймаңыз.
Қуат сымына ешқандай зат қоймаңыз. Кабельді баспаңыз.
Мониторды ауа айналымы жақсы жерге, шамадан тыс жарық түсетін, қызу не
ылғал көп жерден аулақ орнатыңыз.
Монитор табанын шешіп ал ған кезде мониторды бетін төмен қаратып жұмсақ жерге
қойыңыз, сөйтіп ол сызылмайды, өңсізденбейді не сынбайды.
Мониторды тазалау
1. Монитор мен компьютерді өшіріңіз.
2. Мониторды розеткадан ағытыңыз.
3. Монитордың пластмассадан жасалған бөліктерін таза, суланған шүберекпен
тазалаңыз.
4. Монитор экранын антистатикалық экран тазалағышымен тазалаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Мониторды не экранды тазалау үшін бензин, сұйылтқыш, аммиак
не басқа ұшатын заттарды қолданбаңыз. Мұндай химиялық заттар корпус қаптауын және
экранды бүлдіруі мүмкін.