User's Guide

15
В Агенттіктің заңды ескертулері
Байланыс жөніндегі федералдық комиссия ескертуі
Осы жабдық сынақтан өткізіліп, FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес В сыныбындағы цифрлық
құрылғыларға қойылатын шектеулерге сай келеді деп танылды. Бұл шектеулер тұрғын ғимаратта
орнатылған кезде зиянды кедергіден тиісті қорғау деңгейін қамтамасыз ету үшін орнатылған. Бұл
жабдық радиосәулелену қуатын шығарады, пайдаланады және таратуы мүмкін, сондықтан
нұсқауларға сәйкес орнатылмаса және пайдаланылмаса, радио байланыс құралдарына зиянды
бөгеуіл тудыруы мүмкін. Дегенмен, барлық орнату жағдайларында кедергі пайда болмайтынына
кепілдік берілмейді. Бұл жабдық радио не теледидар сигналдарына кедергі жасаса (мұндай кедергіні
жабдықты өшіріп қосу арқылы анықтауға болады), пайдаланушы төмендегі шараларды қолданып,
кедергіні кетіру әрекет жасағаны дұрыс:
Қабылдағыш антенна бағытын өзгерту не оны басқа жерге қою.
Жабдық пен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттыру.
Жабдықты қабылдағыш қосылған ток контурынан басқа контурға қосу.
Сатушыға не тәжірибелі радио не теледидар маманына хабарласып кеңес алу.
Өзгерту
Пайдаланушы осы жабдыққа НР компаниясы анық түрде мақұлдамаған кез келген өзгеріс енгізсе,
жабдықты қолдану өкілеттігінен айырылуы мүмкін екенін ескертуді Байланыс жөніндегі федералдық
комиссия талап етеді.
Кабельдер
FCC ережелері мен нұсқауларына сәйкестілікті сақтау үшін, осы құрылғыдағы қосылымдар металл
RFI/EMI коннектор қалпақтары бар қалқаланған кабельдермен орындалуы керек.
Байланыс комиссиясының логотипі бар өнімдерге арналған
сәйкестік мәлімдемесі (тек Америка Құрама Штаттарында)
Бұл құрылғы Байланыс комиссиясы ережелерінің 15-бабына сәйкес келеді. Жұмыс істеген кезде
төмендегі 2 шарт сақталуы тиіс:
1. Бұл құрылғы зиянды кедергі тудырмауы тиіс.
2. Бұл құрылғы кез келген алынған кедергілерді қабылдауы тиіс, оның ішінде тұрақсыз жұмыс істеуіне
себеп болатын кедергі.
Өнімге қатысты сұрақтар қою үшін, төмендегі мекенжай бойынша хабарласыңыз:
Hewlett-Packard Company
P. O. Box 692000, Mail Stop 530113
Хьюстон, Техас 77269-2000
Немесе қоңырау шалыңыз: 1-800-HP-INVENT (1-800 474-6836)
Осы FCC мәлімдемесіне қатысты сұрақтар қою үшін, төмендегі мекенжай бойынша
хабарласыңыз:
Hewlett-Packard Company
P. O. Box 692000, Mail Stop 530113
Хьюстон, Техас 77269-2000
немесе қоңырау шалыңыз: (281) 514-3333
Осы өнімді анықтау үшін, өнімде орналасқан бөлшек, сериялық не үлгі нөмірін қараңыз.