User's Guide

17
Қуат кабеліне қойылатын талаптар
Мониторға берілетін қуат Автоматты желіні ауыстыру (ALS) мүмкіндігімен қамтамасыз
етіледі. Бұл мүмкіндік мониторға 100120 В не 200240 В аралығындағы кіріс кернеулермен
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Монитормен бірге келген қуат кабелі (майысқақ кабель не айыр) жабдықты сатып алған елде
қолдану талаптарына сәйкес келеді.
Басқа ел үшін қуат кабелін сатып алу керек болса, сол елде қолдануға рұқсат етілген қуат
кабелін сатып алуыңыз керек.
Қуат кабелінің номиналды сипаттары өнімге және өнімнің электр сипаттары жапсырмасында
көрсетілген кернеу мен ток күшіне сәйкес келуі тиіс. Кабельдің номиналды кернеуі мен ток
күші өнімде белгіленген номиналды кернеу мен ток күшінен артық болуы тиіс. Оған қоса,
сымның көлденең кесінді алаңы ең кемі 0,75 мм
2
не 18 AWG, сондай-ақ, кабельдің ұзындығы
612 фут (1,83,6 м) аралығында болуы керек. Қолданылатын қуат кабелі түріне қатысты
сұрақтарыңыз болса, НР компаниясының өкілетті қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Қуат кабелін орналастырған кезде, оны үстінен басып өтпейтін не қысылып қалатын жермен
өткізбеңіз. Айырға, розеткаға және сым өнімнен шығатын жерге аса назар аудару керек.
Жапониялық қуат кабеліне қатысты талаптар
Жапонияда қолдану үшін, тек осы өніммен бірге берілген қуат кабелін қолданыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Осы өніммен бірге берілген қуат кабелін басқа ешбір өніммен қолданбаңыз.
Өнімнің қоршаған ортаға деген әсеріне қатысты ескертулер
НР компаниясының қайта өңдеу бағдарламасы
НР компаниясы тұтынушыларын қолданылған электрондық жабдықты, НР компаниясының
түпнұсқа басып шығару картридждерін және қайта зарядталатын батареяларын қайта
өңдеуге шақырады. Қайта өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/recycle сайтынан алуға болады.
Химиялық заттар
REACH (Еуропа парламенті мен кеңесінің №1907/2006 ЕО қаулысына сәйкес) сияқты заңды
талаптарға сәйкес, НР компаниясы өнімдерінде қолданылған химиялық заттар туралы
ақпаратты тұтынушыларына қамтамасыз етеді. Осы өнімге қатысты химиялық заттар
туралы есепті
http://www.hp.com/go/reach мекенжайынан табуға болады.
Зиянды заттар мөлшерін шектеу (RoHS)