User's Guide
20 
С  Ақаулықтарды жою 
Жалпы мәселелерді шешу 
Төменде ықтимал мәселелер, себептер және ұсынылған шешімдер берілген:   
Мәселелер   
Шешімдер   
Қуаттың диод 
көрсеткіші жанбайды   
Қуат  түймесі  қосылғанына  және  қуат  кабелі  жерге  тұйықталған  розетка 
мен мониторға қосылғанына көз жеткізіңіз.   
Экран мәзірінде Басқару тармағын, одан кейін панельдегі қуат көрсеткішін 
таңдаңыз.  Панельдегі қуат  көрсеткіші  "Өшіру"  кү йіне қойылғанын 
тексеріңіз. Олай болса, оны "Қосу" күйіне орнатыңыз.   
Экранда ешнәрсе 
көрсетілмейді   
Қуат кабелін қосыңыз. Құрылғыны қосыңыз.   
Бейне кабелін дұрыстап қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін "Орнату" 
тарауын қараңыз. 
Экран қорғағышын өшіру үшін пернетақтада бір пернені басыңыз не 
тінтуірді қозғалтыңыз.   
Бұлыңғыр не қараңғы 
су р ет.  Сурет ортаға 
келтірілмеген.   
Экран мәзірін қосу үшін "Мәзір" түймесін басыңыз. Суретті басқару 
тармағын таңдаңыз. Одан кейін "Көлденең позиция" не "Тік позиция" 
параметрін таңдап, суреттің позициясын реттеңіз.   
Экран дисплейінің 
кіріс сигналы 
жарамды ауқымнан 
тыс. 
Монитордың VGA сигнал кабелін компьютердегі VGA ұясына жалғаңыз. 
Бейне кабельді қосқан кезде компьютер қуат өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз. 
Компьютер қайта қосылғаннан кейін Қауіпсіз режимге кіріңіз. Монитор 
қолдайтын параметрді қолданыңыз (5. В тарауындағы 5.1 кестесін 
қараңыз: Зауытта орнатылған көрсету режимі). Жаңа параметрді іске қосу 
үшін компьютерді қайта қосыңыз. 
Бұлыңғыр немесе 
қалдық су р ет. 
Контраст пен жарықтықты басқару элементтерін реттеңіз.   
Ұзартқыш  не  ауыстыру қорабы  қолданылмағанына  көз  жеткізіңіз.   НР 
компаниясы  мониторды  компьютердің  артқы  жағындағы  графикалық 
картаның шығыс портына қосуға кеңес береді.   
VGA кірісі үшін мұндай мәселелерді "Автоматты т үрде реттеу" мүмкіндігі 
шешеді.   
Монитордың оңтайлы 
ажыратымдылығын 
таңдау мүмкін емес 
Графикалық  карта  оңтайлы  ажыратымдылықты  қолдайтынына  көз 
жеткізіңіз.   
Графикалық картаға ең соңғы тиісті драйвер орнатылғанына көз жеткізіңіз. 
НР  және  Compaq  жүйелері  үшін  ең  соңғы  тиісті  графикалық  карта 
драйверлерін  келесі  мекенжайдан  жүктеп  алуға 
болады: 
www.hp.com/support.  Басқа  жүйелер  үшін  графикалық  картаға 
қатысты тиісті сайттарды қараңыз.   
"Plug-and-play" мүмкіндігі 
жоқ   
Мониторға  "plug-and-play"  мүмкіндігін  қосу  үшін  "plug -and-play" 
мүмкіндігін  қолдайтын  компьютер  мен  графикалық  карта  қажет. 
Компьютеріңіздің өндірушісіне хабарласыңыз.   
Монитордың  бейне кабелін  тексеріңіз.  Майысқан  істіктер  жоқ  екеніне 
көз жеткізіңіз.   
НР мониторының драйвері орнатылғанына көз жеткізіңіз. НР 
мониторының драйверін келесі сайттан жүктеп алуға 
болады: www.hp.com/support   










