User's Guide

21
Мәселелер
Шешімдер (жалғасы)
Қақтау, жыпылықтау не
муар әсері
Мониторды электр кедергі тудыратын электр құрылғылардан аулақ
ұстаңыз.
Ағымдағы ажыратымдылықта монитордың максималды жаңарту
жылдамдығын қолданыңыз.
Монитор үшін "Ұйқы
режимі" үнемі қосылып
тұрады (сары түсті
диод).
Монитор қуаты қосылғанына көз жеткізіңіз.
Компьютерді ң графикалық картасы ұясында бекітілген болуы тиіс.
Монитордың бейне кабелі компьютерге дұрыс жалғанғанына көз
жеткізіңіз.
Монитордың бейне кабелін тексеріңіз. Майысқан істіктер жоқ екеніне
көз жеткізіңіз.
Компьютер дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Пернетақтада Caps
Lock пернесін басып, Caps Lock диодын тексеріңіз (пернетақталардың
көбінде бар). Диод жанады не сөнеді.
Өнім қолдауы
Мониторыңызды пайдалану бойынша қосымша ақпарат алу үшін, келесі мекенжайға өтіңіз:
http://www.hp.com/support. Ел не өңіріңізді таңдаңыз, Troubleshooting қаулықтарды жою)
тармағын таңдаңыз және іздеу терезесіне үлгіңізді енгізіп, Go (Өту) түймесін басыңыз.
Ескертпе: Монитордың пайдаланушы нұсқаулығы, анықтамалық материал және драйверлер
келесі мекенжай бойынша қолжетімді: http://www.hp.com/support.
Егер нұсқаулықты берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне
хабарласуыңызға болады. АҚШ қолдауы үшін, келесі мекенжайға өтіңіз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін, келесі мекенжайға өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
Мұнда келесі мүмкіндіктер бар:
HP техникалық маманымен онлайн режимде сөйлесу
Ескертпе: Қолдау көрсету чаты белгілі бір тілде қолжетімсіз болғанда, ол ағылшын тілінде
қолжетімді болады.
Қолдау қызметінің телефон нөмірлерін табу
HP қызмет көрсету орталығының орнын анықтау
Техникалық қолдау көрсету қызметіне хабарласуға дайындалу
Осы бөлімдегі ақаулықтарды жою кеңестері мәселені шешуге көмек теспесе, техникалық қолдау
көрсету қызметіне қоңырау шалуы қажет болуы мүмкін. Қоңырау шалған кезде келесі ақпаратты
дайын ұстаңыз:
Монитор моделінің нөмірі
Монитордың сериялық нөмірі
Шоттағы сатып алу күні
Мәселелер туындаған кездегі жағдайлар
Алынған қате туралы хабарлар
Жабдық конфигурациясы
Қолданып отырған жабдық пен бағдарламалық құралдың атауы мен нұсқасы
Номиналды сипаттар жапсырмасын табу
Монитордағы номиналды сипаттар жапсырмасында өнім нөмірі мен сериялық нөмір
беріледі. Мониторға қатысты мәселелер бойынша НР компаниясына хабарласқан кезде бұл
нөмірлер керек болуы мүмкін.
Номиналды сипаттар жапсырмасы монитордың артқы жағында болады.