User's Guide

8
4 тарау. Қолдану нұсқаулары
4.1 Қуатты ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
Мониторды қосу/өшіру үшін осы түймені басыңыз.
Ескертпе: ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі мониторды токтан ажыратпайды. Негізгі кернеуді толығымен
ажырату үшін, қуат сымын электрлік розеткадан алып тастаңыз.
4.2 Қуат көрсеткіші
Монитор қалыпты түрде жұмыс істеп тұрғанда қуат диоды көк түсті болып жанып тұрады.
Монитор қуат үнемдеу режимінде жұмыс істесе, бұл көрсеткіштің түсі сарғылтқа ауысады.
Монитор өшіп тұрғанда, бұл көрсеткіш жанбайды.
4.3 Мәзір мүмкіндіктері
Монитордың төмендегі мүмкіндіктерінің барлығына экран дисплейі (мәзірі) жүйесі арқылы қол
жеткізуге және реттеуге болады.
1. Монитор қосылып тұрмаса, оны қосу үшін "Қуат" түймесін басыңыз.
2. Экран мәзірін қосу үшін "Мәзір" түймесін басыңыз. Негізгі экран мәзірі көрсетіледі.
3. Негізгі мәзірді не қосалқы мәзірді көру үшін монитордың алдыңғы панелінде "+" түймесін
басып, жоғары жылжыңыз не "-" түймесін басып, төмен жылжыңыз. Одан кейін
бөлектелген функцияны таңдау үшін "ОК" түймесін басыңыз.
Бөлектеу мәзірдің төменгі жағына жылжып жеткенде, ол мәзірдің жоғарғы жағына
қайтады. Бөлектеу мәзірдің жоғарғы жағына жылжып жеткенде, ол мәзірдің төменгі
жағына қайтады.
4. Таңдалған опцияны реттеу үшін "+" не "-" түймесін басыңыз.
5. "Сақтау" түймесін таңдап, қайтыңыз. Параметрді сақтағыңыз келмесе, қосалқы мәзірден
"Бас тарту" түймесін не негізгі мәзірден "Шығу" түймесін таңдаңыз.