User's Guide
Table Of Contents
- Өнім мүмкіндіктері
- Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар
- Мониторды орнату
- Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз
- Тұғырды орнату
- Артқы компоненттері
- Кабельдерді қосу
- Алдыңғы тақтаның басқару элементтері
- Мониторды реттеу
- Мониторды қосу
- HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
- USB құрылғыларын жалғау
- Монитор тіреуішін алу
- Мониторды орнату
- Қосымша HP қалқанша жинағы
- Сериялық нөмірі мен өнім нөмірін табу
- Ақпарат картасын табу
- Құралды монитордың артқы тақтасына бекіту.
- Кабель құлпын орнату
- Мониторды пайдалану
- Бағдарламалар және утилиталар
- .INF және .ICM файлдарын орнату
- Микробағдарламаларды жаңарту
- Түстер кеңістігін алдын ала реттеуді таңдау
- Жарықтығын реттеу
- Z27x үлгісінің кескінді реттеу опцияларын түсіну
- Z27x үлгісінің ара-қатынас шамаларын басқару опциялары
- 2K және 4K сандық фильм кескін форматтарымен жұмыс істеу
- Сандық фильм дисплей опцияларын қолдану
- DCI контейнерін толығымен көрсету
- DCI 1,85:1 ара-қатынасына азайту
- DCI 2,39:1 ара-қатынасына азайту
- Қысқартылған аймағын көрсету
- Қысқартылған аймақтың бір түспен бүркелуін реттеу
- 4K кіріс видеосын көру
- Ара-қатынас дисплейінің оцпиясына бағыну
- Масштабтау және орталықтан таратуды көрсету
- Жақтаудың сол жағын масштабтау және көрсету
- Жақтаудың оң жағын масштабтау және көрсету
- 4K кіріс видеосын пиксельге пиксель арқылы көрсету
- Сандық фильм дисплей опцияларын қолдану
- Кескін ішіндегі Кескін (PIP) және Кескіннен тысқары Кескін (PBP) көрінісін пайдалану
- Тақта түймесінің функцияларын өзгерту
- Тақта түймесінің функциялар режимін өзгерту
- Тақта түймесінің диодты шамдарын реттеу
- Aвто ұйқы режимін қолдану
- Экрандық мәзірді пайдалану
- Түсті калибрлеу кіріспесі
- Авто EDID жаңарту
- Техникалық сипаттамалар
- Қолдау және ақаулықтарды жою
- Сұйық кристалдық монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы саясат

2
Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет
көрсету туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, осы мониторға сəйкес
келетін қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен пайдаланылатын тиісті қуат
сымының жиыны туралы ақпарат бойынша ақпарат тасушы дискісінде берілген немесе
құжаттама жинағындағы Өнім ескертулерін қараңыз
.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін:
• Қуат сымын кез келген уақытта оңай қол жететін жердегі айнымалы ток розеткасына
қосыңыз.
• Компьютердің қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз.
• Егер қуат
сымының ашасы 3 басты болса, жерге тұйықталған 3 басты розеткаға қосыңыз. Қуат
сымының жерге тұйықтау істігін жалғаусыз қалдырмаңыз, мысалы, 2 істікшелі адаптер
қолданып қоспаңыз. Жерге тұйықтау ашасы – өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Қауіпсіздікті сақтау
үшін қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай немесе оларға сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз.
Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз. Электр розеткасынан ажыратқанда сымды
ашасынан ұстаңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін
Safety and Comfort Guide
(Қауіпсіз жəне ыңғайлы жұмыс
туралы нұсқаулықты) оқып шығыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты
сақтау жəне компьютер пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау жəне дұрыс жұмыс істеу
ережелері сипатталған, сонымен қатар
, электр жəне механикалық қауіпсіздік туралы маңызды
ақпарат берілген. Бұл нұсқаулық
http://www.hp.com/ergo веб-торабында орналасқан.
ЕСКЕРТУ: Монитор мен компьютерді қорғау үшін компьютердің жəне оның перифериялық
құрылғыларының (мысалы, монитор, принтер, сканер) барлық қуат сымдарын желілік сүзгі
немесе үздіксіз қуат көзі (UPS) сияқты кернеу ауытқуларынан қорғау құрылғысына қосыңыз.
Кернеу ауытқуларынан
барлық желілік сүзгілер қорғамайды; желілік сүзгілерде осындай
мүмкіндік бар деген арнайы жапсырма болуы керек. Зақымдалған жағдайда ауыстыру саясатын
қолданатын жəне кернеу ауытқуларынан қорғамаған жағдайда жабдықты ауыстыруға кепілдік
беретін өндірушінің желілік сүзгісін пайдаланыңыз.
HP сұйық кристалдық мониторын орнату үшін арнайы жасалған дұрыс өлшемді жиһазды
пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Комодтарда, кітап сөрелерінде, сөрелерде, үстелдерде, динамиктерде,
жəшіктерде немесе арбашаларда дұрыс емес орнатылған сұйық кристалдық мониторлар құлап,
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Сұйық кристалдық мониторға қосылатын барлық сымдарды жəне кабельдерді өткізгенде
оларды тартылмайтын
, ілінбейтін етіп немесе оларға сүрінбейтін етіп орналастыру керек.
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
3










