User's Guide

Table Of Contents
DCI 1,85:1 ара-қатынасына азайту
Бұл опция жақтаудың сол жəне оң жағынан 25 пиксель қысқартады (2048 шамалы кең кірістер
үшін, 4096 шамалы кең кірістердің сол жəне оң жағынан 50 пиксель қысқартады). Нəтижесінде
кескін алдыңғы бөлімде суреттелген ара-қатынас дисплейінің опцияларын қолданып
көрсетіледі
.
DCI 2,39:1 ара-қатынасына азайту
Бұл опция жақтаудың сол жəне оң жағынан 111 пиксель қысқартады (2048 шамалы кең кірістер
үшін, 4096 шамалы кең кірістердің сол жəне оң жағынан 222 пиксель қысқартады). Нəтижесінде
кескін алдыңғы бөлімде суреттелген ара-қатынас дисплейінің опцияларын қолданып
көрсетіледі
.
Қысқартылған аймағын көрсету
Бұл опция қосылғанда, кескінді таңдалған ара-қатынасқа азайтып өлшемін өзгертудің орнына,
кескін емес, қажетті ара-қатынастан тысқары аймағы жартылай мөлдір, қара түспен бүркеледі.
Бұл опция ара-қатынасы 2,39:1 кескіннің жоғарғы сызығын тексергенде
жəне жоғарғы аймағын
қайта жақтаулау арқылы бейімдеу қажет болғанда, бар ақпаратты көру үшін қолданған оңтайлы.
Қысқартылған аймақтың бір түспен бүркелуін реттеу
Бұл опция қысқартылған аймақты көру функциясы қосылғанда қол жетімді жəне қысқартылған
аймаққа қолданылған бір түспен бүркеу мөлшерін анықтау мүмкіндігін береді. Жақтаудың
белсенді жəне қысқартылған аймақтарының арасындағы
қажетті балансқа қол жеткізу үшін
реттеңіз.
4K кіріс видеосын көру
Түпнұсқа ажыратымдылығы 2560 × 1440 ғана болса да, Z27x үлгісі 4096 × 2160 немесе 3840 ×
2160 кіріс сигналдарын қабылдап, көрсете алады. Бірнеше масштабтау жəне дисплей
опциялары ұсынылған. 4K кіріс видеосының жоғарғы сапасын Z27x үлгісінде қамтамасыз ету
үшін, масштабтау алгоритмі ашықтығын немесе шеттерін реттеуді қажет етпейтін
табиғи
жолмен масштабтауға реттелген.
4096 × 2160 немесе 3840 × 2160 сигнал мониторға жіберілгенде сандық фильм опциялары
парағының 4K кіріс бөлімі арқылы келесі опциялар қол жетімді. Егер DCI ара-қатынасын
қысқарту таңдалса, бұл опциялар кескін қысқартылғаннан кейін қолданылады.
Ара-қатынас дисплейінің оцпиясына бағыну
Бұл бастапқы опция кескінді таңдалған ара-қатынас дисплей опциясына "Толтыру" режиміне
сай көрсетеді. Бұл оциялар туралы ақпараты
Z27x үлгісінің ара-қатынас шамаларын басқару
опциялары (32-бет) бөлімінен қараңыз.
Масштабтау жəне орталықтан таратуды көрсету
Егер таңдалса, жақтаудың 16×9 орталық аймағы жоғарыда талқыланған экран биіктігіне
толтыру оцпиясы сияқты, бұл аймақтан тысқары жағы қысқартылып көрсетіледі. Орталықтан
таратылатын кескін мөлшері бүкіл контейнердің немесе ара-қатынасының көрсетілуіне
байланысты.
2K жəне
4K сандық фильм кескін форматтарымен жұмыс істеу
37