User Guide - Ubuntu
9
Setup Utility (BIOS) және HP PC
Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility құралы орнатылған сыртқы құрылғылардың
түрі, компьютерді бастау реті және жүйелік пен кеңейтілген жад мөлшері үшін параметрлерді
қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Setup Utility құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Setup Utility құралын бастау
▲
Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the
ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Бастау мәзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10
пернесін басыңыз.
Setup Utility құралын пайдалану
Setup Utility құралының тілін өзгерту
1. Setup Utility құралын бастаңыз.
2. System Configuration (Жүйе конфигурациясы) > Language (Тіл) тармағын таңдау үшін,
көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін басыңыз.
3. Тілді таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін басыңыз.
4. Растау туралы хабар таңдалған тілде көрсетілгеннен кейін enter пернесін басыңыз.
5. Өзгертуді сақтау және Setup Utility құралынан шығу үшін, көрсеткі пернелердің көмегімен
Exit (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгертулерді сақтап шығу) тармақтарын таңдап, enter
пернесін басыңыз.
Енгізілген өзгертулер бірден күшіне енеді.
Setup Utility құралында шарлау және таңдау
Setup Utility құралы сенсорлы тақтаға қолдау көрсетпейді. Шарлау және таңдау пернетақта
арқылы жүзеге асырылады.
●
Мәзір немесе мәзір элементін таңдау үшін, көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз.
●
Тізімнен бір элементті таңдау немесе қосу/өшіру жолағы сияқты жолақты ауыстыру үшін
көрсеткі пернелерді немесе f5 және f6 пернелерін пайдаланыңыз.
●
Элементті таңдау үшін, enter пернесін басыңыз.
Setup Utility құралын бастау
45