Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013, 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft және Windows — Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде) АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютерлердің таңдаулы үлгілері Intel® Atom® E3800 процессорымен және Windows® амалдық жүйесімен жабдықталады. msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды. Түпнұсқалық параметрлерді қалпына келтіру үшін, зауыттық қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет.
vi Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде)
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ............................................................................................................................ 1 HP Apps Store дүкеніне өту ................................................................................................................ 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты әрекеттер .............................................
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ....................... 22 Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 22 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ...................................................................................... 22 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ..................................................................................................
Саусақты үстіңгі және төменгі жиектерден жылжыту .................................. 38 Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану ......................................................................................... 39 Пернелерді пайдалану ..................................................................................................... 39 Әрекет пернелерін пайдалану ........................................................................ 39 Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану .............
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану .......................................................... 51 Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................................... 52 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту .................................................................................... 52 Компьютерді тазалау ........................................................................................................................
Мынаны білгеніңіз жөн .................................................................................... 67 HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) .......................... 67 HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру ................. 68 Компьютердің жүктеу ретін өзгерту ............................................................... 68 HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде) ..................................................... 69 11 Техникалық сипаттамасы ....
xii
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қызықты әрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube торабында бейне көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу (27-бет) бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар Мазмұны http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда НР компаниясы басылған НР шектеулі кепілдігін қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Компьютермен танысу Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) пәрменін, Система (Жүйе) пәрменін таңдаңыз, одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын нұқыңыз.
Оң жақ Бөлік Сипаттама (1) USB 2.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. (2) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады. ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты Анықтама және қолдау веб-беттерінен қараңыз (Қосымша HP ресурстары (3-бет) тарауын қараңыз).
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда.
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер үндеткіштері ажыратылады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (1 немесе 2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) WWAN антенналары (1 немесе 2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді.
Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Жиектерді сипау (32-бет) бөлімінен қараңыз. 10 (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (3) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі.
Түймешік Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпарат жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі бос орын немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Түбіндегі Бөлік Сипаттама (1) Батареяны құлыптау және құлып алу ысырмасы Батарея ұясына батареяны құлыптайды және құлып алады. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея ұяшығында немесе қызмет көрсету есігінің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және кейбір үлгілерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады және компьютеріңіздің сымсыз байланыс шамы болса, ол қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз. 2. Открыть центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз. 3. Просмотр активных сетей (Белсенді желілерді көру) ішінен белсенді желіні таңдаңыз. 4.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді. НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар және таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік (4) Сипаттама Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады. ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты Анықтама және қолдау веб-беттерінен қараңыз (Қосымша HP ресурстары (3-бет) тарауын қараңыз). Компьютер үлгісін таңдау үшін веб-тораптағы нұсқауларды орындаңыз. Драйверы и загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. (5) USB 2.
▲ Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз. Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу ЕСКЕРТПЕ: болады. HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3.
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамик (Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз. 3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз. Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Пернетақта және тінтуір Түрту қимылдарын компьютеріңіздің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Таңдаулы компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен басу Екі саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мәзір пәрмендерін таңдауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: ● 2 саусақпен басу қимылын пайдалану – тінтуірдің оң түймесін басу сияқты әрекет.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Бір нысанға меңзерді апарып, сол қолдың сұқ саусағын сенсорлы тақта аймағына қойыңыз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 12-ден 3-ке дейін сырғытыңыз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 3-тен 12-ге дейін жылжытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Шебер түймені көрсету және таңдау Шебер түймелерін қолданып, сіздің іздеуге, бөлісуге, құралдарды қолдануға немесе баптауларды реттеуге мүмкіндігіңіз болады. 1. Саусағыңызбен сенсорлы тақтаны оң жақтан солға қарай сипаңыз. 2. Шебер түймелері арасында ауысып қосылу үшін жоғары не төмен сырғытыңыз да, қалаған шебер түймесін таңдаңыз. Ашық бағдарламалар арасында ауысу Саусақты сол жақ жиектен жылжыту жуықта ашылған қолданбалар арасында жылдам ауысуға және оларды ашуға мүмкіндік береді.
Қалауыңыз бойынша реттеу белгішесін көрсету Саусағыңызбен жоғарғы жиектен жылжыту бастау экранының төменгі жағындағы Настроить (Қалауыңыз бойынша реттеу) таңбасын ашу мүмкіндігін береді. Настроить (Қалауыңыз бойынша реттеу) қолданбаларды жылжыту, олардың өлшемін өзгерту, экранға қадау немесе экраннан босату мүмкіндіктерін ұсынады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты әртүрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бастау экранында көп бағдарлама ашық болған кезде, экранды сол немесе оң жаққа жылжыту үшін саусағыңызды сырғытыңыз. ● Нысанды жылжыту мақсатымен сүйреу үшін, оны ұстап тұрыңыз да, қажет жерге жылжытыңыз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет әрекет.
● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты шеңбер бойынша сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру нысанды немесе суретті басқаруға болатын белгілі бір қолданбаларға арналған. Айналдыру қолданбалардың барлығында жұмыс істей бермеуі мүмкін.
● Бағдарламалар арасында ауысу үшін саусағыңызды дисплейдің сол жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз. Саусақты үстіңгі және төменгі жиектерден жылжыту Жоғарғы жиекті немесе төменгі жиекті сипау бағдарламаларды теңшейтін бағдарлама пәрмені опцияларын көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаға байланысты әртүрлі болады.
Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану Пернетақта және тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді.
Белгіше Перне Сипаттама f6 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. f7 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша төмендетеді. f8 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша жоғарылатады. f9 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді ойнатады. f10 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды жалғастырады.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. Кірістірілген сандық пернетақта Зауытта сыртқы сандық пернетақта ретінде қызмет ету үшін орнатылған. Сан функциясы мен жылжу функциясын (пернелердегі бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстыру үшін, num lock пернесін басыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану және үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады: ● Дисплейді жабыңыз. ● Меңзерді Windows жұмыс үстелінен немесе бастау экранынан жоғарғы немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз және Спящий (Ұйқылық) пәрменін таңдаңыз. Ұйқылық күйден шығу үшін ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз. 4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз. 3. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз. Батарея туралы ақпаратты табу Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске қосыңыз.
● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз. ● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз. Компьютеріңіз екі аптадан астам пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса, қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын және құрғақ жерде бөлек сақтаңыз. Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуат көзіне жалғанған кезде: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Экран жарықтығы жоғарылайды. ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді. Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
▲ Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қолмен реттеу үшін, Бастау экранында smart (смарт) деп теріп, Intel® Smart Connect Technology (Intel Smart Connect технологиясы) құралын таңдаңыз. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз. Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен компьютерді де өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Гибрид немесе AMD қосарлы графикалық режимдердің компьютерде орнатылғанын көру үшін, ноутбуктің графикалық процессорының конфигурациясын және Анықтама бағдарламасын қараңыз. Гибрид немесе AMD қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы өңдейтін екі режимді ұсынады: ● Жоғары сапалы орындау режимі - бұл режимге арналған қолданбалар жылдам графика өңдеу (GPU) құрылғысы арқылы орындалады.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) және Disk Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану және қатты дискіні ауыстыру не жад қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады. Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу: 1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз. 2. Бастау экранында диск деп теріңіз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
● Жұмсақ сабын қосылған су ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Әкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес.
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын іске қосу үшін, компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам басыңыз да, f10 пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) пәрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге орнатылған HP компаниясының, Microsoft Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту (52-бет) бөлімінен қараңыз. Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
9 Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі: ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау 1. Компьютерді сәтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады.
● НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін немесе қажет етілетін бос DVD дискілерінің санын анықтайды.
● Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз. Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
● System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатады, одан кейін зауытта орнатылған бағдарламалар үшін параметрлерді реттейді. ● Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені және барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз.
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде) HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі орынды босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, Windows жүйесінің жаңарту опциясын немесе бәрін жоып, Windows жүйесін қайта орнатуға арналған Windows мүмкіндігін пайдалануға болмайды. Сонымен қатар, жүйені қалпына келтіруге немесе ықшамдалған кескінді HP Recovery бөлімінен қалпына келтіруге болмайды.
11 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12 192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымс
12 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 27, 28 Айнымалы ток адаптері 7 айнымалы ток адаптері, тексеру 48 айнымалы ток адаптерін тексеру 48 астыңғы жағы 15 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы 7, 24 Ә әрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 40 Анықтама және қолдау 39 анықтау 13 дыбыс деңгейін арттыру 40 дыбысты өшіру 40 келесі жолшық немесе бөлім 40 ойнату, кідірту, жалғастыру 40 сымсыз байланыс 40 төменгі дыбыс деңгейі 40 экран жарықтығын арттыру 39 экран жарықтығын төменде
компьютерді сапарға алып шығу 15, 47, 54 компьютерді тазалау 52 компьютерді тасымалдау 54 коннектор, қуат 7 корпоративтік WLAN қосылымы 20 Күту қосу 43 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 46 шығу 43 Күту режимі қосу 43 шығу 43 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 51 Дискіні тазалау 52 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 13 кірістірілген сандық пернетақта , анықтау 41 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 67 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 66 USB флэш картасы 68 Windows жүйесінің Файлдар
сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 30 Сенсорлы экран пайдалану 34 сенсорлы экранда қысу қимылы 36 Сенсорлы экран қимылдары 37, 38 айналдыру 36 бір саусақты сырғыту 34 жылжу 35 саусақты жиектен жылжыту қимылдары 37 түрту 35 шымшу 36 сенсорлы экраннан масштабтау қимылы 36 сериялық нөмір, компьютер 15 сымсыз байланыс түймешігі 16 сымсыз байланыс шамы 11, 16 сымсыз басқару элементтері Wireless Assistant бағдарламалық құралы 16 амалдық жүйе 16 түймешігі 16 сымсыз дисплей, қосылу 28 сымсыз желі, қорғау 58 сымсыз желі
N num lock пернесі, анықтау 40 R RJ-45 (желі) күй шамдары, анықтау 7 RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 13, 7 S Setup Utility (BIOS) құпия сөздері 56 U USB 2.0 порттары, анықтау 6 USB 3.