User Guide - Windows 8.1

Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2)
Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(3)
Айнымалы ток адаптерінің шамы
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядтаулы.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Өшірулі: компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеуде.
(4)
Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(5)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе
жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(6)
RJ-45 (желі) ұя/статус шамдары Желілік кабелді қосады.
Ақ: желі қосылған.
Сары: Желіде әрекет орын алуда.
(7)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
(8)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен
қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя
қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
Сол жақ
7