User Guide - Windows 8.1
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында
справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
тармағын таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз
байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз
байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін Windows жұмыс үстелінен немесе бастау экранынан
жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзерді жылжытыңыз.
3. Параметры (Параметрлер) түймесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз.
4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, Войти (Жүйеге кіру) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, Windows жұмыс үстелінде желі
күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен нұқып, Открыть центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін
таңдаңыз. Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні
орнату
) пәрменін таңдаңыз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі
байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне
қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN
арқылы Интернетке көбірек орындардан және үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді.
HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып
табылатын
, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен
бірдей.
Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі
жолда немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке
20
3-тарау Желіге қосылу