User Guide - Windows 8.1
Бөлік Сипаттама
(4)
Оптикалық диск жетегі (тек
таңдаулы үлгілерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық
дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған
жазады.
ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы
ақпаратты Анықтама және қолдау веб-беттерінен
қараңыз (Қосымша HP ресурстары (3-бет)
тарауын қараңыз). Компьютер үлгісін таңдау үшін
веб-тораптағы нұсқауларды орындаңыз.
Драйверы и загрузки (Драйверлер мен
жүктеулер) тармағын таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
(5)
USB 2.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер,
сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB
құрылғысы жалғанады.
(6)
Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(7)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
гарнитураларға, құлақаспаптарға немесе
теледидардың аудио құрылғысына қосылғанда,
дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша
гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту
үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс
деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын алу үшін, Заңды
,
қауіпсіздік және
қоршаған орта ескертпелерін қараңыз. Осы
нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына
поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(гарнитура) және аудио кіріс (микрофон)
ұяларының екеуіне сәйкес келетін 4 сымды
қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(8)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер,
сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB
құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады.
(9)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас
бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI
құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
Веб-камераны пайдалану
Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
24
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану