User Guide - Windows 8.1
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау)
сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Аудио мүмкіндіктерін тексеру
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалар оқиғалары) параметрі астынан дыбыс сигналы немесе ескерту
дыбысы сияқты кез келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін Проверка (Сынау)
түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына звук (дыбыс) cөзін жазыңыз, одан кейін Звукозапись (Дыбыс жазба)
опциясын таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз.
3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз.
4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз және дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге
қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады
.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Kейбір
компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік
беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
26
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану