User Guide - Windows 8.1
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамик
(Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз
.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы үлгілерде)
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу
және оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
▲
Шебер түймелерді көрсету үшін Windows жұмыс үстелінің немесе Бастау экранының
жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзеңіз және Устройства (Құрылғылар)
түймесін нұқып, Проект (Жоба) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Таңдаулы үлгілерде Бастау экранындағы HP Quick Access to Miracast (Miracast
құрылғысына HP Quick кіру) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
28
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану