User Guide - Windows 8.1

5
Экранда шарлау
Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
Түрту қимылдары
Пернетақта және тінтуір
Түрту қимылдарын компьютеріңіздің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек
таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Таңдаулы компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
әрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Кейбір компьютер үлгілерінде кірістірілген сандық пернетақта болуы мүмкін.
Сенсорлы тақта қимылдарын қолдану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға
мүмкіндік береді. Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер
опцияларын өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттеуге
болады. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления
(Басқару тақтасы) белгішесін басыңыз және Оборудование и звук (Аппараттық құрал және
дыбыс) параметрін таңдаңыз. Устройства и принтеры (Құрылғылар және принтерлер) тізімінен
Мышь (Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сәйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Түрту
Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Таңдау үшін экрандағы элементті меңзеп, сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз.
Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Сенсорлы тақта қимылдарын қолдану
29