User Guide - Windows 8.1

Қалауыңыз бойынша реттеу белгішесін көрсету
Саусағыңызбен жоғарғы жиектен жылжыту бастау экранының төменгі жағындағы Настроить
(Қалауыңыз бойынша реттеу) таңбасын ашу мүмкіндігін береді. Настроить (Қалауыңыз бойынша
реттеу) қолданбаларды жылжыту, олардың өлшемін өзгерту, экранға қадау немесе экраннан
босату мүмкіндіктерін ұсынады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға
байланысты әртүрлі болады.
Настроить (Қалауыңыз бойынша реттеу) белгішесін қайта ашу үшін, сенсорлық тақтаның
жоғарғы жиегінен саусағыңызды абайлап жылжытыңыз.
Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада
орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы әрекеттерді пернетақта мен тінтуір
көмегімен жүзеге асыруға болады.
Бір саусақты сырғыту
Көбінесе, бір саусақты сырғыту қимылы панорамалау немесе тізімдер мен беттерді айналдыру
үшін қолданылады, бірақ оны нысанды жылжыту сияқты басқа да әрекеттерді орындау
мақсатымен пайдалана аласыз.
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы
қалаған бағытқа жылжытыңыз
.
34
5-тарау Экранда шарлау