User Guide - Windows 8.1

6
Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат
көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Қуат
үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану және
үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft® Windows жүйесінде қуат үнемдеуге арналған ұйқылық күй және күту күйі бар.
Ұйқылықұйқы күйі не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан
кейін автоматты қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталады және ұйқылық күйден шығу
жылдам іске асырылады. Сонымен қатар, ұйқылық күйді қолмен қоса аласыз. Қосымша
ақпаратты Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу (43-бет) бөлімінен қараңыз.
Күту күйі – күту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмысыңыз қатты дискідегі күту файлына сақталады және
компьютер өшіріледі.
ЕСКЕРТПЕ: Күту күйін қолмен қосуға болады. Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
(43-бет) және Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде) (43-бет)
бөлімдерінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде зауытта Intel Rapid Start Technology (RST) (Жылдам қосу технологиясы)
мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді бірден іске қосуға
мүмкіндік береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
Ұйқы режимі: RST мүмкіндігі ұйқы режимін таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден
шығу үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат
түймешігін тез басып қалыңыз.
Қүту күйі: RST мүмкіндігі ұйқылық күйдегі не болмаса батареяның заряды тым төмен
деңгейге жеткен компьютер әрекетсіз тұрғанда күту күйін қосады. Күту күйінен шығып,
жұмысты жалғастыру үшін, қуат түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) тармағынан өшіруге болады. Күту күйін өзіңіз
қосқыңыз келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз қажет. Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде) (43-бет)
бөлімін қараңыз.
42
6-тарау Қуат басқару