User Guide - Windows 8.1

Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
Дисплейді жабыңыз.
Меңзерді Windows жұмыс үстелінен немесе бастау экранынан жоғарғы немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз. Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры
(Параметрлер) тармағын таңдап, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз және Спящий
(Ұйқылық) пәрменін таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту
үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранында параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін теріңіз, содан
Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін
таңдаңыз
) сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация
(Күту) күйін таңдаңыз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату
үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін теріңіз, содан
Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау)
тармағын таңдаңыз.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
43