User Guide - Windows 8.1

3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін
жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін және Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен
жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір
тармақты таңдаңыз
. Бастау экранында параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін
теріңіз, содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен»
деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерде зарядталған батарея
орнатылған болса және айнымалы ток адаптері компьютерден ажыратылған болса
, компьютер
батарея қуатына автоматты түрде ауысады және экран жарықтығы батареяның қызмет көрсету
мерзімін арттыру үшін азайтылады. Компьютер өшірілгенде және сыртқы қуаттан
ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе
HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы
ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың
жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз немесе
компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
44
6-тарау Қуат басқару