User Guide - Windows 8.1
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны шығару
ысырмасын (2) сырғытыңыз.
3. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
Батарея туралы ақпаратты табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support
Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз
. Батарея туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность
(Батарея және өнімділік) пәрменін таңдаңыз.
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасы мына құралдармен және батарея
туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді:
●
Батареяны тексеру
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге және батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение энергии (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
●
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны 2 аптадан астам уақыт ішінде қолданыста
болмаған немесе зарядталмаған компьютерден шығарып алыңыз
.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
45