User Guide - Windows 8.1

ЕСКЕРТПЕ: Гибрид немесе AMD қосарлы графикалық режимдердің компьютерде
орнатылғанын көру үшін, ноутбуктің графикалық процессорының конфигурациясын және
Анықтама бағдарламасын қараңыз.
Гибрид немесе AMD қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы өңдейтін екі
режимді ұсынады
:
Жоғары сапалы орындау режимі - бұл режимге арналған қолданбалар жылдам графика
өңдеу (GPU) құрылғысы арқылы орындалады.
Қуат үнемдеу режимі - бұл режимде жұмыс істейтін қолданбалар батарея қуатын үнемдеу
үшін орындау сапасы төмен графика өңдеу (GPU) құрылғысын қолданады.
Гибрид графикаларды қолдану (тек таңдаулы үлгілерде)
Гибрид графикалық функциялар қолданбаны оның графиканы өңдеу талабына қарай жоғары
сапалы орындау режимінде немесе қуат үнемдеу режимінде пайдалану мүмкіндігін ұсынады.
Әдетте, 3D және ойын қолданбалары жоғары сапалы графика өңдеуді (GPU) режимінде, ал
салмағы жеңілдеу графика өңдеуді қажет ететін қолданбалар сапасы төмен графика өңдеу
режимінде жұмыс істейді. Қолданбаға қажетті режимді (жоғары сапалы немесе қуат үнемдеу)
гибрид графикасын басқару панелі арқылы таңдауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғының шектеулеріне байланысты кейбір қолданбалар екі режимнің біреуін
ғана қолдана алады.
Қосымша ақпарат алу үшін, гибрид графикалық режимдер бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
AMD қосарлы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде
)
AMD қосарлы графикалық режим AMD тездетілген өңдеу блогын және дискретті AMD сызбалар
картасын бірге пайдалануға мүмкіндік береді. AMD қосарлы графикалық режим қосылған
кезде, графика өнімділігін жақсарту графикалық құрылғылардың біреуіне ғана қатысты
қолданылады. Толық экранды DirectX 10 немесе 11 (DX10 және DX11) нұсқалы
бағдарламаларға қатысты бұл жақсарту қолданылады. Терезеде ашқанда немесе DX10/11
нұсқаларынан басқа бағдарламаларда ашқанда, амалдық жүйе гибрид графикалық режимге
ұқсас жұмыс істейді
.
Қосымша ақпаратты AMD қосарлы графикалық режим бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
50
6-тарау Қуат басқару