User Guide - Windows 8.1
7
Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету
маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) және Disk
Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану және қатты дискіні ауыстыру не жад
қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат,
компьютерді тазалау нұсқаулары және компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер
қамтылған.
Компьютер жұмысын жақсарту
Барлығымыз компьютердің тез жұмыс істегенін қалаймыз. Жүйелі түрде қызмет көрсету
тапсырмаларын орындау, Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау) және Очистка
диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану арқылы компьютердің жұмысын біршама
өзгертуге болады
. Сонымен қатар, компьютер ескірген болса, үлкенірек дискілерді орнату және
көбірек жад қосу амалдарын орындауға болады.
Дискілер ұстау
Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз.
●
Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді жылжытпаңыз
. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады
. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Дефрагментация диска (Дискіні
дефрагментациялау) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады).
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне және фрагменттелген файлдар санына байланысты,
Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау) құралының жұмысы аяқталуы үшін бір
сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
Компьютер жұмысын жақсарту
51