User Guide - Windows 8.1
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу
үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату
Құпиясөз Қызмет
Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
Әкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді
қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Құпиясөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі
●
Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын
енгізу қажет.
●
Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup
Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін Windows жүйесіне
орнатылған әкімші құпиясөзімен алмастыруға болмайды
немесе ол орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе
жойылған күйде көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз алғаш
тексеру кезінде «Press the ESC key for Startup Menu»
(Қосылу мәзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетілгенше енгізілсе, Setup Utility (BIOS) утилитасына
кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізу керек болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз
●
Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын
немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
●
Қосылғанда сұралатын құпиясөзді ұмытып қалсаңыз,
компьютерді қосу немесе қайта қосу және күту
күйінен шығу мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз
орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылған
күйде көрсетіледі.
Әкімші құпиясөзін немесе қосылғанда сұралатын құпиясөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату,
өзгерту немесе жою:
56
8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау