User Guide - Windows 8.1

Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін,
компьютерге орнатылған HP компаниясының, Microsoft Windows амалдық жүйесінің және
үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту (52-бет) бөлімінен қараңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін
Бастау экранында панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріңіз де, Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) бөлімін
түртіңіз, Обновления Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры
(Параметрлерді өзгерту) бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP компаниясының және үшінші тарап бағдарламалық құралдарының
жаңартуларын орнату
HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен
драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді
автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса,
бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз. Бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік
мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін өнімдерге
жаңартуларды ұсынады.
Сымсыз желіні қорғау
Сымсыз желіні орнатқан кезде қауіпсіздік функцияларын іске қосыңыз. Қосымша ақпаратты
WLAN жүйесін қорғау (19-бет) бөлімінен қараңыз.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және
мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан
немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау
қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (64-бет) бөлімінен
қараңыз
.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде әрекет ету үшін жасалған,
бірақ ол компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель
құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде
қолданылуы мүмкін бірнеше әдістердің біреуі ғана болып табылады.
58
8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау