User Guide - Windows 8.1
●
НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына
келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді
тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін немесе қажет етілетін бос DVD
дискілерінің санын анықтайды.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар
оптикалық дискенгізгі болуы керек және тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R
DL немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW сияқты қайта жазуға
болатын дискілерді, қос қабатты DVD±RW дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға
арналған
Blu-ray) дискілерін пайдаланбаңыз. Олар HP Recovery Manager (НР Қалпына
келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралымен үйлеспейді. Немесе оның орнына жоғары
сапалы бос USB флэш-дискісін пайдалана аласыз.
●
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск
жетегі болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру құралын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға
немесе қолдау қызметінен компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға
болады
. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers
(әлем бойынша
қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан
да қарауға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз. Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына
тікелей жалғануы керек. диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына
жалғауға болмайды.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
●
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі)
бағдарламалық құралы ағымдағы DVD дискісіне жазуды аяқтайды. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесі рет ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылатын болады және қалған дискілердің жасалуы жалғасады.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі әрекеттерді орындамас бұрын
пернетақта қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery
Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пәрменін таңдаңыз.
2. Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау)
пәрменін таңдаңыз, сөйтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager көмегімен қалпына
келтіру (66-бет) бөлімінен қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен
шеберлік деңгейін таңдаңыз:
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
65