User Guide - Windows 8.1
●
System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатады,
одан кейін зауытта орнатылған бағдарламалар үшін параметрлерді реттейді.
●
Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені және
барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды
қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
●
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру): компьютерді қатты дискіден
барлық ақпаратты жойып, бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы зауыттық
күйіне қалпына келтіреді. Одан кейін түпнұсқалық амалдық жүйе және зауытта орнатылған
бағдарламалар қайта орнатылады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) жүйені қалпына келтіруге және кішірейтілген
бейнеден қалпына келтіруге мүмкіндік береді
.
Мынаны білгеніңіз жөн
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
●
HP Recovery Manager құралы арқылы қалпына келтіруді компьютер мәселелерін шешудің
ең соңғы әрекеті ретінде пайдаланған жөн
.
●
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек.
Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР жүйені қалпына келтіру құралын
жасау (64-бет) бөлімін қараңыз.
●
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін HP Recovery медиа
құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР жүйені
қалпына келтіру құралын жасау (64-бет) бөлімін қараңыз.
●
HP Recovery медиа құралы жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру құралдарын қолдау
қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers
(әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын
HP веб-сайтынан да қарауға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы жеке
мәліметтердің сақтық көшірмесі автоматты түрде жасалмайды. Қалпына келтіруге кіріспес
бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке мәліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына
келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан жүйені қалпына келтіруге немесе кішірейтілген
бейнені қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск
жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі әрекеттерді орындамас бұрын
пернетақта қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
67