User Guide - Windows 8.1
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және
экрандағы нұсқауларды орындаңыз
.
HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру
Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл
әдісті амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты
диск дұрыс істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады
.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Жасалған НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз. Компьютердің жүктеу ретін
өзгерту (68-бет) бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктеу ретін өзгерту
Егер HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы компьютер қайта басталмаса,
компьютер бастау туралы ақпаратты іздейтін BIOS бағдарламасындағы құрылғылар реті болып
табылатын компьютердің жүктеу тәртібін өзгерте аласыз. Оптикалық диск немесе USB флэш-
дискісі үшін таңдау ретін өзгертуге болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін
1. Сіз жасаған НР қалпына келтіру дискісін компьютерге салыңыз.
2. Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін
тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
68
10-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру