User Guide - Windows 10
Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(2) Қызмет көрсету үшін ашатын есік Қатты диск ұясына және жад модульдерінің ұяларына
кіруге мүмкіндік береді.
(3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады.
Батареяны құлыптау ысырмасы Батарея орнына батареяны құлыптайды.
(4) Қызмет көрсету үшін ашатын есік Сымсыз LAN (WLAN) модулінің ұясына, WWAN модулінің
ұясына және SIM картасы ұясына қатынасты
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін,
сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы
сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік
компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз
модульдермен ауыстырыңыз. Егер молульді орнатып,
одан кейін ескерту хабарын алсаңыз, компьютер
мүмкіндігін қалпына келтіру үшін модульді жойып,
қолдау қызметіне хабарласыңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің
белгішесін басыңыз.
(5) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады.
(6) SIM картасының ұясы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын
қолдайды. SIM картасының ұясы қызмет көрсету үшін
ашатын есіктің астында орналасқан.
26 2-тарау Бөліктер










