User Guide - Windows 10

SIM картасын енгізу (таңдаулы өнімдер үшін ғана)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрмені арқылы өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Батареяны алыңыз.
7. Қызмет көрсету үшін ашатын кіші есікті алыңыз.
8. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, төменде берген
суретке қараңыз.
9. Қызмет көрсету үшін ашатын ісікті орнына салыңыз.
10. Батареяны салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
11. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
12. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
13. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
30 2-тарау Бөліктер