User Guide - Windows 10
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты сақтаңыз
да, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны шығарып алу
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бекіту ысырмасы бар батареяны шығарып алу:
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас
бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
3. Батареяны (3) жоғарыға тартып, оны (4) компьютерден шығарып алыңыз.
Бекіту ысырмасы жоқ батареяны шығарып алу:
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас
бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны босатуға арналған оң жақтағы ысырманы (1), одан кейін
батареяны босатуға арналған сол жақтағы ысырманы (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны босату ысырмаларын бір уақытта немесе бірінен соң бірін жылжытуға
болады.
50 6-тарау Қуатты басқару










