User Guide - Windows 7

Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі
жолда немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке
қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін
береді.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына
байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access)
технологиясы.
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі компьютердің
астыңғы жағында көрсетіледі.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында
жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат
қамтылады. Кейбір компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала орнатылады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол компьютермен
бірге берілетін HP мобильді кең
жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны
компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу жəне шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудың
SIM картасын салу
жəне алу (тек таңдаулы үлгілерде) (30-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. Қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/go/
mobilebroadband мекенжайындағы веб-торапты қараңыз (тек таңдаулы аймақтарда/елдерде
қолданылады).
SIM картасын салу жəне алу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге
қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу (50-бет) бөлімін
қараңыз).
7. Қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді алыңыз (
Қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді
алу (62-бет) бөлімін қараңыз).
30
3-тарау Желіге қосылу