User Guide - Windows 7
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc
Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ
: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8
Микрофонды үнсіздендіреді.
fn+f9
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10
Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f11
Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде).
ЕСКЕРТПЕ: Батарея қызмет мерзімін арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде орнатылған сандық пернетақта немесе ішкі сандық пернетақта бар. Бұған қоса,
компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша
сыртқы пернетақтаны қолдайды.
Пернетақтаны пайдалану
37










