User Guide - Windows 7

3. Батареяны оның орнында бекіту үшін, батареяны төмен қарай бұрыңыз (2), одан кейін
батареяны құлыптау ысырмасын (3) сырғытыңыз.
Бекіту ысырмасы бар батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны
шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп
тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны шығару
ысырмасын (2) сырғытыңыз.
3. Батареяны жоғары қарай (3) бұрып, оны компьютерден шығарып алы
ңыз (4).
Бекіту ысырмасы жоқ батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареядағы (1) ілгектерді компьютердегі ойықтармен туралап, батареяны батарея ұясына
салыңыз.
Қуат параметрлерін орнату
51