User Guide - Windows 7

Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге
қатысты қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы
ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы
бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту
Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы
күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Желі қосылысы бар болса, Smart Connect құралы
электрондық пошта жəшіктері, əлеуметтік веб-тораптар жəне жаңалықтар беттері сияқты ашық
болған бағдарламаларды жа
ңартады, одан кейін компьютерде ұйқы күйі қосылады. Smart
Connect арқылы электрондық пошта хабарламалары сияқты дербес жасалған мазмұн да
қадамдастырылады. Компьютер ұйқы күйінен шыққанда, жаңартылған ақпарат бірден қол
жетімді болады.
Бұл мүмкіндікті қосу немесе параметрлерді қ
олмен реттеу үшін, Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) > Intel > Intel® Smart Connect Technology (Intel Smart
Connect технологиясы) тармақтарын таңдаңыз.
Intel Smart Connect Technology белгішесін көрсету үшін, хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар тақтасының оң жақ соңында орналасқан белгішелердің үстіне меңзерді
бағыттаңыз, содан
кейін белгішені басыңыз.
Ауыспалы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы компьютерлер ауыспалы графикалық режимдермен жабдықталады. Ауыспалы
графикалық режимдерге AMD™ жəне Intel технологияларының екеуі қолдау көрсетеді. Егер
компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек
ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады.
Қуат параметрлерін орнату
55