User Guide - Windows 7
3. Картасын абайлап басып, ұясынан шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. 
Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін 
білдіреді.
Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы 
құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті және шығысты басқаратын амалдық 
жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. 
Өндірісте қолданылатын смарт карталар оқу құралдарымен (тек таңдаулы үлгілерде) бірге 
пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт-картаның қауіпсіздік мүмкіндіктері 
туралы қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) 
> Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
Смарт-картаны салу
1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу 
құрылғысына орныққанша сырғытыңыз.
56 7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғылар










