User Guide - Windows 7
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Егер BIOS әкімшісінің құпия сөзін жоюды 
болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар 
өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз 
кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де 
қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі барысында DriveLock 
Passwords параметрінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын, BIOS 
әкімшісінің құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз 
кіруден қорғайды және қосу үрдісі барысында DriveLock 
Passwords парметрінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын, BIOS 
әкімшісінің құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің әрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS әкімші құпия сөзін басқару
Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS әкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the 
ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, 
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Setup BIOS 
Administrator Password (BIOS әкімші құпия сөзін реттеу) тармағын таңдап, enter пернесін 
басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, 
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және 
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту
70 9-тарау Қауіпсіздік










