User Guide - Windows 8.1
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану
HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын 
SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы 
SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен 
SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді. SoftPaq Download Manager құралы 
жүктеуге болатын SoftPaq файлын анықтау үшін бір немесе бірнеше компьютер үлгісін 
көрсетуге мүмкіндік береді.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында дерекқор немесе бағдарламалық 
құралдың жаңартулары бар-жоқтығын тексереді. Егер жаңартулар табылған болса, олар 
жүктеліп
, автоматты түрде қолданылады.
SoftPaq Download Manager құралын HP веб-торабынан жүктеп алуға болады. SoftPaq Download 
Manager құралын SoftPaq файлдарын жүктеп алуға пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны 
жүктеп орнатуыңыз тиіс. http://www.hp.com/go/sdm мекенжайы бойынша веб-торапқа өтіп, 
SoftPaq Download Manager бағдарламалық құралын жүктеу және орнату нұсқауларын 
орындаңыз.
SoftPaq файлдарын жүктеп алу үшін
▲
Бастау экранына s әрпін жазыңыз. Іздеу жолағына softpaq деп жазып, HP SoftPaq 
Download Manager (НР SoftPaq жүктеу реттеушісі) пәрменін таңдаңыз. SoftPaq файлдарын 
жүктеу үшін нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иә түймешігін 
басыңыз.
KKWW SoftPaq Download Manager құралын пайдалану
105










