User Guide - Windows 7
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесін және көрсеткі пернелерін пайдаланып Основной (Басты) > Проигнорировать
изменения и выйти (Өзгерістерді елемеу және шығу) пәрмендерін таңдаңыз, содан кейін енгізу
түймесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау және Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан
Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесі және көрсеткі пернелердің көмегімен Meню (Мәзір) > Сохранить изменения и выйти
(Өзгертулерді елемеу және шығу) пәрмендерін таңдаңыз, одан кейін eнгізу пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мәнге қайтару үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the
ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде,
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Meню (Мәзір) >
Восстановить параметры
по умолчанию (Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау)
белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Meню (Мәзір) > Сохранить изменения и выйти (Өзгертулерді
сақтап шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін eнгізу
пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз және қауіпсіздік параметрлері
өзгермейді.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін
Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
Computer Setup пайдалану 75