Getting Started Laptop - Windows Vista and Windows 7

Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде келесі жағдайларды ескеріңіз:
Жеке файлдарды құжаттар қалтасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін
жүйелі түрде жасаңыз.
Тиісті бағдарламаларында сақталған үлгілердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында көрсетілетін қалау бойынша
реттелген параметрлерді
олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз. Таңдаулы
параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде, экран суреті уақытты үнемдеуі мүмкін.
Дискілерге сақтық көшірме жасаған кезде, дискілердің (бөлек сатып алынады) мына
түрлерін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD
±RW. Қолданылатын диск түрлері компьютерде орнатылған оптикалық диск жетегінің
немесе сыртқы оптикалық диск жетегінің түріне байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме кезінде аз диск жұмсалады.
Дискілерге сақтық көшірме жасау кезінде, əр дискті компьютердің оптикалық диск жетегіне
салмай тұрып нөмірлеңіз.
«Backup and Restore Center» (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру орталығы)
мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасамас бұрын, компьютердің айнымалы ток розеткасына
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Файл өлшемі мен компьютер жылдамдығына байланысты, сақтық көшірме жасау
үрдісіне бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Backup and Restore Center (Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
орталығы) тармағын таңдаңыз.
2. Компьютердің немесе файлдардың толығымен сақтық көшірмесін жасау (тек таңдаулы
үлгілерде) үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру
Жүйе ақаулығы немесе тұрақсыздығы орын алған жағдайда, компьютер файлдарды қалпына
келтірудің келесі құралдарын ұсынады:
Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдары. Сақтық көшірмесі бұрын жасалған
ақпаратты қалпына келтіру үшін, «Backup and Restore Center» (Сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру орталығы) мүмкіндігін пайдалануға болады. Сондай-ақ, Windows жүйесінің
дұрыс қосылуына кедергі жасауы мүмкін ақаулықтарды жою үшін, Windows жүйесінің
жүктеуді қалпына келтіру мүмкіндігін
пайдалануға болады.
f11 қалпына келтіру құралдары. Бастапқы қатты диск виртуалды бейнесін қалпына келтіру
үшін, f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалануға болады. Виртуалды бейненің
құрамында Windows амалдық жүйесі мен кейбір зауыттық бағдарламалар болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді жүктеу (іске қосу) мүмкін болмаса, компьютерді қайта іске қосып,
амалдық жүйені жөндеу үшін Windows Vista® амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алу керек
болады. Қосымша ақпаратты
Windows Vista амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 48-бетте тарауынан қараңыз.
46 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру