Жұмысқа дайындық Mini
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Қандай келесі қадам ........................................................................................................................... 2 Beats Audio (тек таңдаулы үлгілерде) .............................................................................. 2 Ақпаратты табу ...........................................................
Əрекет пернелерін пайдалану ........................................................................................ 23 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 25 Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату ............................................. 25 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................. 25 Сенсорлы тақтаны қосу жəне сөндіру .....
9 Техникалық сипаттамасы .......................................................................................................................... 48 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 49 Сыртқы HP қуат көзінің тұрақты ток ұшы ....................................................................... 49 Жұмыс ортасы .........................................................................................
viii
1 Қош келдіңіз ● Қандай келесі қадам ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● HP QuickWeb бағдарламалық құралын орнату (тек таңдаулы үлгілерде) — Интернет, виджеттер мен хабарласу бағдарламаларына негізгі амалдық жүйені бастамастан бірден кіру үшін қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін, HP QuickWeb (тек таңдаулы үлгілерде) 16-бетте тарауын қараңыз.
Қандай келесі қадам Beats Audio (тек таңдаулы үлгілерде) Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс профилі. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған. ▲ Beats Audio төменгі дыбыс жиілігі параметрлерінің мəндерін қосу немесе өшіру үшін, fn+b пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, бас параметрлерін Windows® амалдық жүйесі арқылы көруге немесе басқаруға болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Ресурс Мазмұны Компьютерді орнату нұсқаулары ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютердің құрамдас бөліктерімен танысу Жұмысқа дайындық ● Компьютер сипаттары Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Төмендегі əрекеттердің нұсқаулары: Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Ресурс Мазмұны Қауіпсіз жəне қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы ● Жұмыс орнын реттеу Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Ыңғайлылықты қамтамасыз ететін жəне жарақат алу қаупін азайтатын дене күйі мен жұмыс дағдыларының нұсқаулары ● Электр жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/ergo веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Алдыңғы жағы ● Оң жақ ● Сол жақ ● Дисплей ● Астыңғы жағы 5
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік (1) 6 Сипаттама Сенсорлы тақта шамы ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. (2) Сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосу немесе өшіру үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет тез түртіңіз. (3) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Шамдар Бөлік (1) (2) (3) Сипаттама Қуат шамы Дыбыс өшіру шамы Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Ақ: сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. (4) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы.
Түймешіктер 8 Бап 2 Компьютермен танысу
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер Бөлік 10 Сипаттама (1) Əрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (2) fn пернесі num lk немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Windows қолданбалар пернесі Меңзердің астындағы элементтер үшін төте мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Сандық медиа ұясы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: ● MultiMediaCard ● Secure Digital (SD) картасы ● Сыйымдылығы жоғары қауіпсіз сандық (SDHC) жад картасы ● Сыйымдылығы кеңейтілген қауіпсіз сандық (SDхC) жад картасы Адаптерді пайдалану арқылы карталардың шағын нұсқаларын қолдайды (адаптер жинақтықта жоқ).
Сол жақ Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток/батарея шамы ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея толық зарядталған. ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер сыртқы ток көзіне қосылмаған. (4) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2) Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофон Дыбысты жазады. (4) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея орны Батареяны ұстайды. (2) Батарея/қызмет көрсетуге арналған есік ысырмасы Батареяны оның орнынан шығарады жəне қызмет көрсетуге арналған есікті ашады. (3) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск ұясына, жад модулі ұясына, SIM (абонентті анықтау модулі) ұясына жəне сымсыз жергілікті желі (WLAN) модуліне кіруді қамтамасыз етеді.
3 HP QuickWeb (тек таңдаулы үлгілерде) ● HP QuickWeb бағдарламасын бастау HP QuickWeb құралы таңдаулы əрекеттеріңіздің басым бөлігін көңілді əрі қызықты орындауға мүмкіндік береді. Компьютеріңіз QuickWeb құралын бастап, Интернет, шағын қолданбалар мен байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге дайын. Жай ғана QuickWeb түймешігін басып, Интернетті шолуды, Skype бағдарламасы арқылы хабарласуды жəне басқа да HP QuickWeb бағдарламаларымен танысуды бастаңыз.
HP QuickWeb бағдарламасын бастау ▲ HP QuickWeb бағдарламалық құралын іске қосу үшін, компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда QuickWeb түймешігін басыңыз. Келесі кестеде QuickWeb түймешігінің əрекеттері түсіндіріледі. Перне Əрекеті QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb бағдарламалық құралын ашады. ● Компьютерде Microsoft Windows бағдарламасы ашық болғанда, əдепкі веб-шолғышты ашады.
4 Желі орнату ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: 18 ● Сымсыз – Интернетке мобильді жолмен қосылу үшін, сымсыз байланысты қолдануға болады. Бар WLAN желісіне қосылу 20-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 20-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөз береді.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
5 22 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Жылдам перне fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе b пернесінің (3) тіркесімі. Жылдам пернені пайдалану үшін ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+b Beats Audio төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін қосады немесе өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде).
ЕСКЕРІМ: Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility құралында (BIOS) өшіріп, тағайындалған функцияны белсендіру үшін, fn пернесін жəне əрекет пернелерінің біреуін басып, стандартты параметрлерге қайтуға болады. Нұсқауларды HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығындағы «Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы» тарауынан қараңыз. ЕСКЕРТУ: Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса мұқият болыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз.
Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Түрту (немесе басу) Элементті таңдау үшін, оны сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігін басқандай түртіңіз. ЕСКЕРІМ: 26 Түрту қимылы зауытта қосылды.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз. 2.
Жылжу Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. 28 ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады.
Шымшу/масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ЕСКЕРІМ: Шымшу/масштабтау мүмкіндігі зауытта қосылады.
6 Күтім ● Батареяны салу жəне шығарып алу ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жад модулін алмастыру Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу Батареяны салу үшін: ▲ 30 Батареяны (1) батареяның орнына (2) нық отырғанша салып, оны төменге қарай қисайтыңыз.
Батареяны шығарып алу Батареяны шығарып алу үшін: ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Батареяны шығарып алу үшін, батарея/қызмет көрсетуге арналған есік ысырмасын (1) сырғытыңыз. 2. Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, компьютерден (3) алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 32 1.
8. Қатты диск таспасынан (3) тартып, қатты дискіні (4) бұрышта қисатып, ұясынан шығарыңыз.
Қатты дискіні орнату 34 1. Қатты дискінің резеңке аралық қабаттарын қатты дискі ұясындағы тесіктеріне (1) енгізіңіз. 2. Қатты дискіні (2) диск ұясына салыңыз. 3. Айқыш-ұйқыш ойықтары бар бұранданы (3) орнына салыңыз. 4. Қатты дискінің қосқыш кабелін (4) компьютерге жалғаңыз. 5. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютерге (1) салыңыз, одан кейін есікті (2) батареяның/қызмет көрсетуге арналған есіктің ысырмасы орнына түскенше батарея ұясының ішіне сырғытыңыз. 6. Батареяны орнына салыңыз.
7. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 8. Компьютерді қосыңыз. Жад модулін алмастыру Компьютерде бір жад модулі бөлігі бар. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулінің ұясында бар жад модулін сыйымдылығы үлкендеу модульмен ауыстыру арқылы жаңартуға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 36 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (.Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 32-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны орнына салыңыз. 9. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 10. Компьютерді қосыңыз.
7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру ● Қалпына келтіру ● Қалпына келтіру дискілерін жасау ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ● Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру Компьютердің ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда қалпына келтіруге көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.
Қалпына келтіру Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы зауыттық күйіндегі қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады керек болады. НР компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін осы бағдарламалық құралды бірден пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш дискісіне салмай тұрып нөмірлеңіз. ● Қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-дискісінің жасалуы барысында бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады. Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1.
Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің, музыканың жəне басқа да аудио файлдардың, бейнелердің, фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының, құжаттардың, электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта хабарларының, Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға болады. Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қайта іске қосыңыз. 2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі CD/DVD диск жетегі) тармағын таңдаңыз. Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз: 1.
Нұсқаулар: ● Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану туралы қосымша ақпаратты Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 44-бетте бөлімінен қараңыз. ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін белгілі бір сəтте сақтауға жəне атын беруге мүмкіндік береді. Егер енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз, осы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз. ЕСКЕРІМ: Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта хабарламаларына əсер етпейді.
8 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар 45
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.com/go/contactHP ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін беттің сол жағындағы Contact HP worldwide (HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе http://welcome.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмірінің жапсырмасы — маңызды ақпарат береді, оның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
9 48 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Бап 9 Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Пайдалануға болмайтын -20°C пен 60°C арасында -4°F пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Пайдалануға болмайтын 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Ең жоғар
Индекс А Айнымалы батарея шамы, анықтау 13 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 47 Өнім кілті 47 аудио кіріс (микрофон) ұясы 12 аудио шығыс (гарнитура) ұясы 12 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жол 24 Анықтама жəне қолдау орталығы 24 анықтау 10 дыбыс деңгейін жоғарылату 24 дыбыс деңгейін өшіру 24 дыбыс деңгейін төмендету 24 келесі жолшық 24 ойнату, тоқтата тұру, жалғастыру 24 сымсыз байланыс 24 экран жарықтығын азайту 24 экран жарықтығын арттыру 24 экран кескінін ауыстырып қосу 24 Б
қауіпсіздік, анықтау lock 12 қолдау көрсетілетін дискілер қосқыш, қуат 13 қуат қосқышы, анықтау 13 қуат түймешігі, анықтау 9 қуат шамы, анықтау 7 39 М меңзегіш құрылғы, параметрлерді орнату 25 Н нормативтік ақпарат техникалық деректер жапсырмасы 47 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 47 Өнім кілті 47 П пернелер fn 10 Windows қолданбалары 10 Windows логотипі 10 əрекет 10 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 23 порттар USB 12, 13 сыртқы монитор 13 С сақтық көшірме жасау жеке файлдар 43 өзгертілмелі т
R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 12 U USB порттары, анықтау 12 USB порты, анықтау 13 W Windows қолданбалар пернесі, анықтау 10 Windows логотипті перне, анықтау 10 WLAN қорғау 21 қосылу 20 WLAN жапсырмасы 47 WLAN жүйесін орнату 20 WLAN құрылғысы 47 Индекс 53