Getting Started Mini - Windows 7

Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу
үшін түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер жауап беруді тоқтатса жəне Windows®
жүйесінің өшіру процедуралары көмектеспесе,
компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5
секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе жəне
қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат опциялары)
тармағын таңдаңыз немесе HP ноутбугінің
анықтамалық нұсқаулығын қараңыз.
(2)
QuickWeb түймешігі (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда,
HP QuickWeb құралын ашу үшін осы түймешікті
басыңыз.
Компьютерде Microsoft Windows амалдық жүйесі
орнатылған болса, əдепкі веб-шолғышты ашу үшін
осы түймешікті басыңыз.
Компьютерде HP QuickWeb бағдарламалық құралы
қосулы болса, əдепкі веб-шолғышты ашу үшін осы
түймешікті басыңыз.
QuickWeb бағдарламалық құралы Интернетті шолуға,
Skype бағдарламасы арқылы басқа адамдармен
хабарласуға
жəне басқа да HP QuickWeb
бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік береді.
Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда,
амалдық жүйені бастамастан осы мүмкіндіктерді
пайдалану үшін QuickWeb түймешігін басуға болады.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, осы
нұсқаулықтың «HP QuickWeb» бөлімін жəне HP
QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз. Компьютерде HP QuickWeb бағдарламалық
құралы болмаса, бұл түймешік ешқандай əрекет немесе
функция орындамайды.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі 9