Getting Started Mini - Windows 7

3 HP QuickWeb (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP QuickWeb бағдарламасын бастау
HP QuickWeb құралы таңдаулы əрекеттеріңіздің басым бөлігін көңілді əрі қызықты орындауға
мүмкіндік береді. Компьютеріңіз QuickWeb құралын бастап, Интернет, шағын қолданбалар мен
байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге дайын. Жай ғана QuickWeb түймешігін басып,
Интернетті шолуды, Skype бағдарламасы арқылы хабарласуды жəне басқа да HP QuickWeb
бағдарламаларымен танысуды бастаңыз.
HP QuickWeb негізгі экранының төмендегідей мүмкіндіктері бар:
Веб-шолғышИнтернетте шолу жəне
іздеу жұмыстарын жүргізу, таңдаулы веб-
тораптарға сілтеме жасау.
Skype — VoIP протоколын пайдаланатын Skype бағдарламасы арқылы хабарласу. Skype
бағдарламасы бір немесе бірнеше кісімен бір уақытта конференциялық байланыс
орнатуға немесе бейне чат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жерүсті байланыс
желілеріне қашықтан қоңырау шалуға болады.
Виджеттержаңалықтар, ауа райы болжамдары, əлеуметтік желі арқылы хабарласу,
биржалық хабарлар, калькулятор,
жабысқақ ескертулер, т.б. үшін қолданылады. HP
QuickWeb негізгі экранына қосымша виджеттер қосу үшін «Widget Manager»
бағдарламасын да пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: HP QuickWeb бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP
QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
16 Бап 3 HP QuickWeb (тек таңдаулы үлгілерде)