Getting Started Mini - Windows 7
Пернетақтаны пайдалану
Пернелер тіркесімдерін анықтау
Жылдам перне fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе b пернесінің (3) тіркесімі.
Жылдам пернені пайдалану үшін
▲
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+b Beats Audio төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін қосады немесе өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде).
Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін
жетілдірілген дыбыс профилі. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған.
Басс параметрлерін Windows амалдық жүйесі арқылы да көруге немесе басқаруға болады. Басс
сипаттарын көру жəне бақылау үшін мына əрекеттерді
орындаңыз:
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне
дыбыс) > Beats Audio тармақтарын таңдаңыз.
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекет пернелері пернетақтаның үстіңгі жағындағы пернелерге тағайындалған арнайы
əрекеттерді орындайды. f1 мен f12 пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын
білдіреді.
Əрекет пернесін пайдалану үшін, тағайындалған функцияны белсендіруге пернені басып ұстап
тұрыңыз.
Пернетақтаны пайдалану 23










