Getting Started Mini - Windows 7

Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз да, батареяны шығарып алыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті ашу үшін, батарея/қызмет көрсетуге арналған есік
ысырмасын (1) сырғытыңыз.
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (2) қарай сырғытып, оны
(3) алыңыз.
6. Қатты дисктің қосқыш кабелін (1) ол компьютерден ажыратылғанша жоғары қарай
көтеріңіз.
7. Қатты дискіні компьютерге бекітетін айқыш-ұйқыш ойықтары бар бұранданы (2) алып
тастаңыз.
32 Бап 6 Күтім