Getting Started Mini - Windows 7

7. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
8. Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін алмастыру
Компьютерде бір жад модулі бөлігі бар. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулінің
ұясында бар жад модулін сыйымдылығы үлкендеу модульмен ауыстыру арқылы жаңартуға
болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
Жад модулін ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модулін ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы тұрғанда,
ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз да, батареяны шығарып алыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қатты дискіні ауыстыру немесе
жаңарту 32-бетте тарауын қараңыз).
5. Бар жад модулін шығарып алу үшін
а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
Жад модулін алмастыру 35