Getting Started Mini - Windows 7
1 Қош келдіңіз
● Қандай келесі қадам
●
Ақпаратты табу
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
● HP QuickWeb бағдарламалық құралын орнату (тек таңдаулы үлгілерде) — Интернет,
виджеттер мен хабарласу бағдарламаларына негізгі амалдық жүйені бастамастан бірден
кіру үшін қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін, 
HP QuickWeb (тек таңдаулы
үлгілерде) 16-бетте тарауын қараңыз.
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желі параметрлерін
реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, 
Желі орнату 18-бетте тарауын қараңыз.
● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да,
тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады. Қосымша ақпаратты HP ноутбугінің
анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану туралы нұсқауларды
алу үшін 
Ақпаратты табу 3-бетте атты бөлімді қараңыз.
● Компьютермен танысу— компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты 
Компьютермен танысу 5-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 22-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау — жүйенің
тұрақсыздығы немесе ақауы пайда болғанда, амалдық жүйенің жəне бағдарламалық
құралдың зауыттық параметрлерін қалпына келтіріңіз. Нұсқауларды 
Сақтық көшірме жасау
жəне қалпына келтіру 38-бетте атты бөлімнен қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу— компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық
бағдарламалар) жолын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралдарды
пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін бағдарламалық құралмен қоса немесе
өндірушінің веб-торабында қамтамасыз етілуі мүмкін бағдарламалық құралды өндірушінің
нұсқауларын қараңыз.
1










