The first HP laptop to run was Windows 7

Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі (WWAN) құрылғысы
Bluetooth құрылғысы
Сымсыз технология жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін
HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын, əрі «Справка и
поддержка» (Анықтама жəне
қолдау) орталығында берілген ақпарат пен веб-торап сілтемелерін қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін
басыңыз.
4. Қосылатын сымсыз жергілікті желіні таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртындасыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосылатын WLAN желісін көрмесеңіз, Открыть центр управления
сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу)
пəрменін таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе
желіні орнату) түймешігін басыңыз. Параметрлердің тізімі көрсетіледі. Іздеуді жəне желіге
қосылуды немесе жаңа желі қосылысын жасауды қолмен таңдауға болады.
5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6. Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
20 Бап 3 Желі орнату