The first HP laptop to run was Windows 7

Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+f3 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер
күту күйіне
қосылады жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f3 пернелер тіркесімінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, ұйқы режимінің орнына
гибернация режимін бастау үшін fn+f3 пернелер тіркесімін орнатуға болады. Барлық Windows
амалдық жүйе терезелерінде ұйқы түймешігіне сілтемелер fn+f3 пернелер тіркесімін
білдіреді.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне
ақпаратты қабылдап
жатқан басқа құрылғылар арасында кескіндерді ауыстыра алады.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 HP Power Assistant қолданбасын іске қосады. Орнатылған барлық батареялардың заряд
ақпаратын көрсетеді. Батареялардың зарядталып тұруы көрсетіледі жəне əр батареяда қалған
заряд мөлшері туралы есеп беріледі.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f12 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде).
fn+f12 пернелері пернетақта жарықтандырғышының жарықтық деңгейін келесі жолмен
ауыстырып қосады:
1. Өшірулі:
2. Толық жарықтық деңгейі
3. Жартылай жарықтық деңгейі
ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның жарықтандырғышы зауытта іске қосылады. Батареяның қызмет
ету мерзімін ұзарту үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
Пернетақталарды пайдалану
Бұл компьютерде кірістірілген сандық пернетақта бар. Сондай-ақ, компьютер қосымша сыртқы
сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны
қолдайды.
24 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар