The first HP laptop to run was Windows 7
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге келген меңзегіш құрылғыларға қоса, компьютердің USB
порттарының біреуіне жалғап, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді теңшеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір параметрлерін қолдану үшін
●
Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) тармақтарын
таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Меңзегіш құрылғыны пайдалану
Меңзегіш құрылғыны экранда меңзерді жылжытқыңыз келетін бағытта басыңыз. Меңзегіш
құрылғының сол жəне оң түймешіктерін сыртқы тінтуірдің сол жəне оң түймешіктері сияқты
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
26 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










